Accessibility links

Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафидің ұлы өлгенін хабарлады


Муаммар Каддафидің ұлы Хамис. Триполи, 29 наурыз 2011 жыл.

Муаммар Каддафидің ұлы Хамис. Триполи, 29 наурыз 2011 жыл.

Ливияның батысындағы Злитен қаласында НАТО әуе соққыларынан Муаммар Каддафидің ұлдарының бірі Хамис көз жұмды деп мәлімдеді 5 тамыз күні Ливия көтерілісшілері.

Көтерілісшілер Каддафидің 30-дан астам сарбазы мен офицері де оққа ұшқанын хабарлады. НАТО ол оқиғаны білетінін, бірақ ақпаратты әзірше растай алмайтынын айтты.

Ерекше әскери бөлімнің басшысы Хамис көтерілісшілерді Триполиге жолатпау үшін Злитен қаласындағы әскери операцияны басқарған.
XS
SM
MD
LG