Accessibility links

Сауд Арабиясы үкіметіне шабуылдаған адам оққа ұшты


Сауд Арабиясы ақпарат құралдары хабарлағандай, қауіпсіздік күштері сенбі күні үкіметтің бақылау бекетіне шабуылдаған қарулы адамды атып өлтірген.

Хабарларға қарағанда, Саудияның ішкі істер министрі ханзада Наиф бин Абдул Азиздің Иедда сарайы маңында болған оқиға тергеуге алынды.

Бұл ханзада Сауд Арабиясы тағынан үміткер ретінде айтылып жүрген. Ол 2003-2006 жылдары әл-Қаида содырларына қарсы операцияларды бастаған. Оның баласы екі жыл бұрын өзін нысанаға алған жанкештілік шабуылдан аман қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG