Accessibility links

S&P бағалау агенттігі АҚШ-тың жоғары рейтінгісін бір сатыға түсірді


АҚШ-тың жоғары деген AAA рейтінгісі AA-plus деңгейіне түсті. Мұндай бағалауды америкалық Standard & Poors агенттігі жасап отыр.

Осының алдында Қытай АҚШ-тан бюджет тапшылығымен күресте шешуші қадамдар жасауды талап еткен. Standard & Poors агенттігінің бұл қадамы Бейжіңнің жаңадан ғаламдық валюта құруға шақырған үндеуінен кейін болып отыр. Қытай басқа елдерден гөрі АҚШ үкіметінің қарызын көбірек иемденіп отырған ел.

Сонымен қоса АҚШ-тың өткен аптада алаңдаушылық тудырған даулы қарыз лимитіне қатысты келісімі мен Еуропаның дабыл қағарлық қарыз мәселесі де АҚШ рейтінгісін төмендетуге түрткі болған.

Бұл төменгі бағалау АҚШ-тың қазына қорының деңгейі де төмендеп немесе қауіпсіздігі азайғанын байқатады.
XS
SM
MD
LG