Accessibility links

Сириялық белсенділердің хабарларына қарағанда, жұма күні онмыңдаған шеруші елдің бірқатар аймағында көшеге шығып, президент Башар әл-Асадтың биліктен кетуін талап еткенде, қауіпсіздік күштері оқ жаудырып, кемінде 22 адам қаза тапқан.

Хабарларға қарағанда, Сирияның бірқатар өңірінде үкіметтік күштер мешіттерді бағып, жұма намаздан шыққан жұрттың шеруге қосылып кетпеуін көздеген. Соңғы күндері Сирия әскері шерушілерге қарсы шараларын күшейтіп, адам шығыны көбейіп барады.

АҚШ, Франция және Германия елдерінің жетекшілері шерушілерге қарсы қанды қақтығысты тоқтатуды мақсат еткен қадамдарға баратынын айтты. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон бейсенбі күні Асад режимін 2 мыңнан аса бейбіт шерушінің өмірін қиды деп айыптады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG