Accessibility links

Иран министрі қамаудағы АҚШ азаматтарын босатуды қолдады


Иранда қамауда отырған америкалық жастар Шэйн Бауэр мен Джош Фатталды қолдаған плакат.

Иранда қамауда отырған америкалық жастар Шэйн Бауэр мен Джош Фатталды қолдаған плакат.

Ирандағы ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрі Али Акбар Салехи елде тыңшылық жасады деген айыптармен қамауда отырған америкалық екі азамат бостандыққа қол жеткізеді деген үмітін білдірген.

Иранның билік өкілдері екі жыл бұрын Иран-Ирақ шекарасында ұсталған АҚШ азаматтары Шэйн Бауэр, Джош Фаттал және Сара Шурдтың үкімдері жақын күндері шығарылатынын айтқан.

Түрмеге тоғытылған америкалық жастар өздерінің Ирақта қыдырып жүріп, шекарадан өткендерін байқамай қалғандарын айтады. Олар өздеріне тағылған тыңшылық жасады деген айыппен келіспейді.

Бұл топтағы Сара Шурд соты сырттай өтеді, ол 500 мың доллар кепіл ақшамен өткен жылдың қыркүйек айында бостандыққа шыққан.
XS
SM
MD
LG