Accessibility links

«Жетілік тобы» АҚШ рейтингісінің төмендеуі мен Еурозонадағы дағдарысты талқылайды


Жетілік тобының қаржы министрлері Римдегі талқылауда. 2007 жыл

Жетілік тобының қаржы министрлері Римдегі талқылауда. 2007 жыл

Өнеркәсібі дамыған елдердің қаржы министрлері бүгін телеконференция өткізіп, АҚШ-тың үш бірдей А деңгейінің бір сатыға төмендеп, нарықтағы бағамының тұрақсыз болып кеткеніне байланысты өз орталық банктерінің жұмысын қалай реттеу керектігін талқыламақшы.

Жапония өкілдері Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында, дүйсенбі күні Азия рыногы ашылмай тұрып, "жетілік тобының" қаржы министрлері өзара кеңесіп алғаны дұрыс әрі жұма күні Standard & Poors бағалау агенттігі төмендеткен АҚШ-тың рейтингісі жайлы талқылау қажет деген.

АҚШ-тың жоғары бағасын бір сатыға төмендеткеніне қатысты Ақ үй S&P агенттігін сынады. Сенбі күні АҚШ президенті Барак Обама радио арқылы халыққа жолдауында, Республикалықтар мен Демократтарды пікірқайшылықтарын ысырып қойып, елдің экономикалық тұрақтылығы мен қаржылық келешегін қамтамасыз етуге күш салуға шақырды.
XS
SM
MD
LG