Accessibility links

Израиль билігі шерулерден кейін бағаны арзандатуға сөз берді


Израиль шеруіндегі белсенділер баспана бағасының шарықтап кеткеніне наразылық танытқан плакаттар ұстап тұр. 30 шілде. 2011

Израиль шеруіндегі белсенділер баспана бағасының шарықтап кеткеніне наразылық танытқан плакаттар ұстап тұр. 30 шілде. 2011

Израиль қаржы министрінің айтуынша, үкімет елдегі өмір сүру ахуалын жақсарту шараларын қолға алатын болады. Үкіметтің уәдесі елде 250 мыңдай адам тұрғын үй мен азық-түлік бағасының көтеріліп кеткеніне наразылық танытып шыққан соң беріліп отыр.

Қаржы министрі Юваль Штайниц Израиль радиосына берген сұқбатында, премьер-министр Бинямин Нетаньяху елдегі наразылық шараларындағы талаптардан кейін министрлер мен сарапшылардан құралған арнайы комиссияның құрылғаны жайлы хабарлайтын болады.

Израилдегі наразы жастардың Тель-Авив орталығына шатыр тігіп алып бастаған наразылық акциясынан кейін халықтық толқулар соңғы үш аптада күшейе түскен. Полицияның айтуынша, өткен түнде 200 мыңнан аса адам Тель-Авив көшелеріне шықса, 30 мың адам Иерусалимде шеру өткізген.
XS
SM
MD
LG