Accessibility links

Ауруханадан шыққан Йемен президенті Сауд Арабиясында қалды


Йемен президенті Али Абдулла Салех. 10 қаңтар. 2011

Йемен президенті Али Абдулла Салех. 10 қаңтар. 2011

Саудиялық билік өкілдерінің сөзіне сілтеме жасаған хабарларға қарағанда, Йемен президенті Әли Абдулла Салех әр-Риядтағы ауруханадан шығып, толық емделгенше Сауд Арабиясында уақытша қалған.

Ол өз әскері наразылық танытқан шерушілерді күшпен басып, шабуылдаған кезде жараланған. Салех Сауд Арабиясына емге кеткеннен бері мемлекет басшысы міндетін Йемен вице-президенті Абдрабух Мансур Хади атқарып жатқан.

Йемен оппозициясы Салехтің елге оралуына жол беремйтін кеңес құруға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG