Accessibility links

Полиция Тоттенхэмдегі тәртіпсіздікті тексеріп жатыр


Тоттенхэмдегі тәртіпсіздік. Лондон. 6 тамыз 2011 жыл..

Тоттенхэмдегі тәртіпсіздік. Лондон. 6 тамыз 2011 жыл..

Лондон полициясы сенбі, жексенбі күндері Тоттенхэм ауданында болған тәртіпсіздіктерді тексеріп жатыр. Қалада бассыздыққа кіналы деген 55 адам қамауға алынды.

Тергеушілер куәгерлермен сөйлесіп, оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарды тексеруді қолға алды.

Өткен демалыс күндері Лондонда бұрын-соңды болмаған ірі тәртіпсіздік тіркелді. Қақтығыс салдарынан 26 полицей жараланған. Тоттенхэм көшесіне жиналғандар 4 тамызда бейбіт басталған акцияда полицияның 29 жастағы Марк Даганды атқанына наразылық білдірген.

Тоттенхэмді әртүрлі елден келген жағдайы нашар тұрғындар мекендейді. Осы ауданда бұрын да ұлтаралық қатынастың күрделенген кездері болды.
XS
SM
MD
LG