Accessibility links

Далай-ламаның саяси мұрагері ұлықталды


Лобсанг Сангей.
Лобсанг Сангей.
Дүйсенбі күні Үндістан солтүстігіндегі Дхарамсала қаласының орталық ғибадатханасында Далай-ламаның саяси мұрагерін ұлықтау рәсімі өтті. Саяси мұрагер Гарвард құқық мектебінің аға ғылыми қызметкері, 43 жастағы заңгер Лобсанг Сангей болды.

Ол 76 жастағы XIV Далай-лама саяси мансаптан бас тартқан соң, 20 наурызда өткен премьер-министр сайлауында жеңіске жеткен болатын.

"Қуғындағы Тибет үкіметінің" басшысын сайлауға Үндістанда, Непалда, Америкада, Ресейде және басқа да елдерде тұратын 80 мыңнан астам тибеттік қатысты. Нәтижесінде Сангейдің 55 пайыз дауыс жинағаны хабарланды.

Тибет премьері бес жылға сайланады. Ал XIV Далай-лама тибеттіктердің "рухани басшысы" болып қала бермек.
XS
SM
MD
LG