Accessibility links

Азия нарығындағы баға қарыз мәселесіне қатысты құлдырады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Әлем жетекшілері АҚШ рейтингісінің бір сатыға түскені мен еуропалық елдердегі қарыз дағдарысына қатысты инвесторлардың алаңдаушылығын басқанына қарамастан, азиялық нарықтарда баға төмендеп кетті.

Токиодағы биржа қорлары 2 пайызға түсіп кетсе, Гонконгта 4 пайызға дейін құлдырап, ғаламдық нарықта өткен аптада қалыптасқан дағдарыс жалғаса түсті.

Сарапшылар, мұндай құлдыраулардың соңы 2008-2009 жылғы экономикалық қиындықтан да жаман ғаламдық дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін дейді.

АҚШ-тың қазына бойынша хатшысы Тимоти Гайтнер S&P агентігінің рейтингісі бірінші рет өте жаман бағалау болды деді.

Еуропалық Орталық банк Италия мен Испаниядағы қарыз дағдарысына қатысты инвесторлардың алаңдаушылығын басу үшін еурозонадағы құнды қағаздарды сатып алуға дайын екенін айтты.
XS
SM
MD
LG