Accessibility links

АҚШ Түркияны Сирияға қысым жасауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Стамбулдағы сапары кезінде. 15 шілде. 2011
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Стамбулдағы сапары кезінде. 15 шілде. 2011
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Сирияға сапарын жоспарлап отырған Түркия сыртқы істер министріне қайрылып, елдегі шерушілерін күшпен басып жатқан Сирияны тоқтатуға күш салуға шақырды.

Клинтон Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглымен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы қырғынға қатысты халықаралық алаңдаушылық өсіп отырғанын талқылаған.

Түркия премьері Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Дамаксіге баратын сыртқы істер министрі Давутоглы Анкараның Сириядағы қақтығыстарға наразылығын танытады деген. Ердоған Түркия Сириядағы шерушілерге қарсы күш қолданылып жатқанына бейжай қарай алмайды деп айтқан.

Дамаскімен қарым-қатынасы жақсы болған Анкара Сирия президенті Башар әл-Ассадты елдегі шерулерді тоқтату үшін реформалар жасауға шақырған.
XS
SM
MD
LG