Accessibility links

Мұнайшылар заңгері Наталья Соколова 6 жылға кесілді


Ақтаудағы ереуілдеген мұнайшылармен кездесіп тұрған Наталья Соколова.

Ақтаудағы ереуілдеген мұнайшылармен кездесіп тұрған Наталья Соколова.

Тамыздың 8 күні Ақтау қалалық №1 соты тәуелсіз заңгер Наталья Соколоваға қатысты сот шешімін шығарды. Үкімді оқыған судья Гүлмаржан Әділ-Сұлтани Соколованың 6 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді. Ол жазасын жалпы режимде өтейтін болады

Наталья Соколоваға бұдан бөлек 3 жылға дейін заңгерлік қызметпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға қатысуға да тиым салынды,-деп хабарлайды сотқа қатысқан мұнайшылардың бірі.

Маңғыстау облысында үш айдан аса ереуілдеген мұнайшылардың бір талабы - заңгер Натаья Соколованы босату болған.

Бұл тұста 200-дей мұнайшы өздерінің мәселесін шешуге тырыспаған "НұрОтан" партиясынан шыққандарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG