Accessibility links

Қазақстандық студент Айнұр Ахметова АҚШ-та комаға түскен


Қазақстан азаматшасы, студент Айнұр Ахметова АҚШ-тың Массачусетс штатында ес-түссіз жатқаны жерінен табылған. Бұл туралы бүгін "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдрахмановтың айтуынша, студент қыз АҚШ-қа «Work and Travel» бағдарламасымен барған. Оны белгісіз жағдайда бассейннің жанында есінен танып жатқан жерінен тапқан.

Қазір АҚШ-қа Айнұр Ахметованың әпкесі кеткен. Тергеу амалдары жүріп жатыр деді министрлік өкілі.
XS
SM
MD
LG