Accessibility links

Ұлыбританиядағы тәртіпсіздік Ливерпуль қаласына жетті


Лондонның Тоттенхэм ауданындағы тәртіпсіздік. 6 тамыз 2011 жыл.
Лондонның Тоттенхэм ауданындағы тәртіпсіздік. 6 тамыз 2011 жыл.
Ұлыбританиядағы тәртіпсіздік пен тонау әрекеттері енді Ливерпуль қаласына жетті. Сенбі, жексенбі күні Лондонда басталған бассыздық дүйсенбіде Бирмингемге тараған еді.

4 тамыз күні полицейдің шерушіні өлтіргені тәртіпсіздіктің себебі ретінде айтылып отыр. Сол күні Лондонның Тоттенхэм ауданында акция өткен болатын.

Елдің премьер-министі Дэвид Кэмерон демалысын тоқтатып, Лондонға келеді. Бүгін ол үкіметтің шұғыл отырысын өткізіп, оқиғаны ауыздықтаудың мән-жайын қарастырмақ.

Бақылаушылар оқиғаның Лондонда олимпиадалық ойындардың өтуіне бір жылдан аз уақыт қалғанда орын алғанына назар аударып отыр.
XS
SM
MD
LG