Accessibility links

Тимошенконың жақтастары шатыр құрып жатыр


Cот ғимараты маңындағы Юлия Тимошенконы қолдаушылар. Киев. 8 тамыз 2011 жыл.

Cот ғимараты маңындағы Юлия Тимошенконы қолдаушылар. Киев. 8 тамыз 2011 жыл.

Киевте Печер аудандық соты ғимараты маңында бұрынғы премьер Юлия Тимошенконың 200-дей жақтасы шатыр тігіп жатыр. Сот ғимаратында Тимошенконың соты жүріп жатқаны белгілі.

Cейсенбі күні таңертең арнайы жасақтың шатыр тіккендерге шабуылдауы мүмкін екендігі хабарланды.

АҚШ Украинаны Тимошенконы қамау шешімін өзгертуге шақырды. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тоунер соттың саясиланғанына алаңдаушылық білдірді.

Украинаның экс-премьері Ресеймен 2009 жылы газ саудасы барысында қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Дүйсенбі күні адвокатының қамауда ұстау өтінішін қанағаттандырмаған сот Тимошенконы босатпаған еді. Тамыздың 5-інде ол судьяны Украина президенті Виктор Януковичтің "қуыршағы" дегені үшін тергеу изоляторына қамалды.
XS
SM
MD
LG