Accessibility links

Беларусь журналисі Литвадан саяси баспана сұрады


Наталья Радзина.

Наталья Радзина.

Беларусьтегі белгілі оппозициялық журналист Наталья Радзина Литвадан саяси баспана сұрады. Ол төрт ай бұрын өз елі қамап тастайды деп қауіптеніп, шетелге кеткен еді.

Радзина наурыз айында Беларусь қауіпсіздік комитетінің шақыртуына жауап бермей, жоқ болып кеткен болатын. Енді ол өзінің алдымен Голландияға, сосын Литваға барғанын жариялады.

Беларусь билігі желтоқсан айында даумен өткен, Лукашенко жеңді деген сайлаудан кейінгі шеру үшін Радзинаны сотқа тартуды көздейді.
XS
SM
MD
LG