Accessibility links

АҚШ Беларусь билігінен құқық қорғаушыны босатуды талап етті


АҚШ Беларусь билігін салық төлеуден жалтарды деп ұсталған белгілі құқық қорғаушы Алесь Беляцкийді жедел қамаудан босатуға шақырды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тоунер дүйсенбі күні Беляцкийдің ұсталуын Лукашенко билігінің адам құқығын бұзуы ретінде бағалады. Ол мұны Беларусьтің демократия мен адам құқығының халықаралық нормаларына қатысты оқшаулануының "өкінішті белгісі" ретінде атады.

Беляцкий басқаратын "Вясна" құқық қорғау ұйымы оның қамалғанын айыптап, мәселенің саяси реңкі бар екендігін айтты.

Билік үйін, саяжайын және кеңсесін тінткеннен кейін өткен бейсенбі күні Беляцкийді қамауға алған еді. Ол басқаратын "Вясна" ұйымы милицияның бейбіт шеруді таратқаны жайлы хабарлап тұрған.

ЕҚЫҰ, Еуропарламент және БҰҰ бұған дейін Беляцкийге деген ықыластарын білдірді.
XS
SM
MD
LG