Accessibility links

Түркия Сириядан зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етпек


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу. Маусым, 2011 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу. Маусым, 2011 жыл.

Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу Сирия үкіметін наразылық танытушыларды қудалауын тоқтатуға шақыру үшін бүгін Дамаскіге барды.

Белсенділер мен адам құқығын қорғаушылардың мәліметінше, наурыздың ортасында президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда 1700-ден астам адам қаза болған.

Осы уақытқа дейін Дамаскінің жақын одақтасы болып келген Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған Сириядағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты Анкараның "шыдамы таусылып бара жатқанын" мәлімдеді. Бұған дейін Түркия Сириядағы жағдайды "ішкі мәселе" деп сипаттаған еді.

Сирия ресми өкілдері елдегі зорлық-зомбылықтарға қарулы топтар кінәлі дейді.
XS
SM
MD
LG