Accessibility links

Әзербайжанның алғашқы президенті еліне оралды


Әзербайжанның алғашқы постсоветтік президенті Аяз Муталибов. 21 желтоқсан 1991 жыл.
Әзербайжанның алғашқы постсоветтік президенті Аяз Муталибов. 21 желтоқсан 1991 жыл.
Әзербайжанның алғашқы постсоветтік президенті Аяз Муталибов шамамен 20 жыл Ресейде қуғында жүріп, еліне оралды.

Муталибовпен бірге Әзербайжанның социалистік демократиялық партиясын басқаратын Араз Ализадехтің мәлімдеуінше, билік орындары баласының жерлеу рәсіміне қатысуға рұқсат берген соң Муталибов дүйсенбі күні Бакуге барған.

Муталибовтың 49 жастағы ұлы Аазад қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Ол бүгін жерленеді.

73 жастағы Муталибов 1990-92 жылдары Әзербайжан президенті болған. 1990 жылдың қаңтар айында совет күштерінің наразылық танытушыларды басып жаншуына байланысты Муталибовке қарсы қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG