Accessibility links

Кэмерон өз еліндегі тәртіпсіздіктерді айыптады


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон елдегі тәртіпсіздік пен тонау әрекеттерін айыптап, "бұл нағыз қылмыскерлік" деп атады.

Үкіметтің шұғыл отырысын өткізу үшін демалысын тоқтатқан Кэмерон елдегі тәртіпті қалпына келтіруге тырысып жатқан полицияны мадақтады. Кэмеронның айтуынша, бүгін түнде Лондонға 16 мың полиция қызметкері жиналады.

Осыдан үш күн бұрын Лондонда басталған тәртіпсіздік әрекеттері Бирмингем, Ливерпуль және Бристоль қалаларына да жетті.

Ел астанасындағы толқу бір адамның полиция оғынан қаза болуына қарсы жаппай наразылық таныту шарасынан кейін басталды.
XS
SM
MD
LG