Accessibility links

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин босатылды


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Бүгін ұсталған құқық қорғаушы Вадим Курамшин босатылды деп хабарлайды оппозициялық "Қазақстанның социалистік қарсыласуы" тобы.

Сейсенбі күні Вадим Курамшин Алматының Жетісу ауданындағы ішкі істер бөліміне апарылған болатын. Оған "ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар" деген айып бойынша іздеу салынған делінеді. Бірақ бұған қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған.

Вадим Курамшин өткен сенбіде де осындай себеппен ұсталып, кейінірек босатылған еді.
XS
SM
MD
LG