Accessibility links

Би-Би-Си Лондонда жарылыс болғанын хабарлады


Лондондағы тәртіпсіздік. 8 тамыз 2011 жыл.
Лондондағы тәртіпсіздік. 8 тамыз 2011 жыл.
Жексенбіге ауған түні тәртіпсіздік басталып, басқа қалаларға да тарала бастаған Лондонның Тоттенхэм ауданында кеше жарылыс болды.

Би-Би-Сидің хабарлауынша, қоймалардың бірінде төрт рет жарылыс болған. Полиция тұрғындарды көшіру жайын қарастырып жатыр.

Сейсенбі күні Лондонға тәртіпсіздікті ауыздықтау үшін 16 мың полиция енгізілді. Сәрсенбіге ауған түні елдің басқа қалаларында полиция мен басбұзарлар арасында қақтығыс болғаны хабарланды.

Соңғы күндері осыған байланысты 685 адам қамауға алынды. Жүзден астам адамға айып тағылды.
XS
SM
MD
LG