Accessibility links

"Нұр Отан" мұнайшылардың партия қатарынан шыққанын жоққа шығарды


Ереуілші мұнайшылар. Ақтау. 2 маусым 2011 жыл.

Ереуілші мұнайшылар. Ақтау. 2 маусым 2011 жыл.

Президенттік "Нұр Отан" партиясының Маңғыстау облыстық филиалы мұнайшылардың партия қатарынан жаппай шығып жатқанын жоққа шығарды.

Бұл турасында партияға сілтеме жасап, "Қазақстан - жаңалықтар" агенттігі хабарлады. Партия сейсенбіде бұл турасында хабарлама таратқан.

Онда Маңғыстаудағы "Нұр Отан" мүшелерінің саны 27 мың екені айтылған. Жаңаөзен қалалық филиалындағы партия мүшелері - 10 мың адам. Оның 7265-і - "Өзенмұнайгаз" компаниясы мен оған қарасты кәсіпорындардың жұмысшылары.

Хабарламада соңғы бірнеше аптада Жаңаөзенде партиядан шығу жөнінде өтініш түспегені айтылған.

Бұдан бұрын аймақтағы кәсіподақ белсендісі Жақсылық Тұрбаев пен кәсіподақ заңгері Наталья Соколованың сотына байланысты мұнайшылардың "Нұр Отан" қатарынан жаппай шығып жатқаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG