Accessibility links

Сирияда кем дегенде 30 адам қаза тапты


Cирия шерушілері.

Cирия шерушілері.

Cейсенбі күні Сирия қауіпсіздік күштері қолынан кем дегенде 30 адам қаза тапты.

Оқиға арасында болғандардың айтуынша, әскер Хама қаласының солтүстігіндегі ауылдарға танк және құрыш құрсанған көліктермен енген. Сирия-Түркия шекарасынан 30 шақырым жердегі Биниш қаласында төрт адам қаза тапқан.

Бұдан бұрын Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлы мен Сирия билігі арасында алты сағатқа созылған келіссөз жүргізілген еді. Давутоғлы Башар әл-Асадты азаматтарға қарсы қатаң репрессияны тоқтатуға шақырды. Әл-Асад лаңкестерді қудалауды тоқтатпайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG