Accessibility links

«Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшылары сотталды


Қорғас бекетіндегі жолаушылар.

Қорғас бекетіндегі жолаушылар.

Сейсенбі күні Алматы облысы Панфилов аудандық соты «Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшыларына қатысты үкім шығарды.

Бұл турасында Интерфакс-Қазақстан агенттігі қаржы полициясына сілтеме жасап хабарлады. Сейсенбі күні сот «Қорғас» шекаралық орталығының бұрынғы басшысы Нұрлан Сейдәліні - 9 жылға, «Қорғас-Сервис» кәсіпорнының бұрынғы басшысы Ерлан Рахымбаевты 7 жылға соттау жөнінде үкім шығарған. Бұған қоса екеуінің де мүлкі тәркіленетін болды.

Ал мердігер ұйымдардың басшылары Белозеров пен Дәулетов 5 жылға сотталды.
XS
SM
MD
LG