Accessibility links

Дін істері агенттігінің басшысы: Қазақ әйелдері хиджап кимеген


Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 7 шілде 2011 жыл.

Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 7 шілде 2011 жыл.

Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф "хиджап кию қазақ дәстүріне жатпайды" деп мәлімдеді.

"Қазақ халқында әйелдердің беттерін толық жауып жүретін дәстүр ешқашан болған емес. Қазақ әйелдері күнделікті тұрмысында бет-жүзін тұмшалап көрген жоқ", - деді ол сәрсенбі күні "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, "қазақ әйелдері ешқашан қараңғылық қапасқа қамалып немесе ерлерінің рұқсатынсыз басқалармен сөйлесу құқынан айырылып көрген емес".

"Құранда хиджаб сөзінің мағынасы – қоршау, бүркеу, бөлу, шымылдық, перде ұғымында беріледі", - дейді дін істер жөніндегі агенттіктің басшысы.

Қайрат Лама Шариф "хиджаб туралы түсініксіз ұғымдарға, ішімізге кіріп кеткен жат мәдениет пен идеологияның көріністеріне халқымыз ұстанған дәстүрлі ислам ғұрпы ғана қарсы тұра алады" дейді.
XS
SM
MD
LG