Accessibility links

Карзай сайлауға қатысты дауға нүкте қойды


Ауған президенті Хамид Карзай

Ауған президенті Хамид Карзай

Ауған президенті Хамид Карзай елдегі соттардың сайлау қорытындысына шүбә келтуріне тыйым салу туралы қаулы жариялады. Бұл қадам өткен жылғы парламент сайлауына байланысты ұзаққа созылған дауды шешу үшін жасалып отыр.

Арнайы сот алаяқтық арқылы парламенттегі орындарға ие болды делінген 62 заңшығарушының мандатын жоюға шақырған соң ауған парламентіне қатысты дау туған болатын.

Бүгінгі қаулыда Карзай арнайы сайлау трибуналын таратып, Тәуелсіз сайлау комиссиясына өткен жылғы сайлау қорытындысына қатысты өзінің соңғы сөзін айтты.
XS
SM
MD
LG