Accessibility links

Қырғыз белсенділері Бакиевтің экстрадициялануын талап етті


Биліктен құлатылған бұрынғы қырғыз президенті Құрманбек Бакиев. Минск, 14 маусым 2010 жыл.

Биліктен құлатылған бұрынғы қырғыз президенті Құрманбек Бакиев. Минск, 14 маусым 2010 жыл.

Бүгін Бішкектегі Беларусь елшілігі алдында белсенділер тобы жиналып, бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің экстрадициялануын талап етті деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. "Жетінші сәуір" тобы белсенділерінің акциясы екі сағатқа жалғасты.

Бакиев өткен жылдың сәуір айында биліктен құлатылған болатын. Елден қашып кеткен бұрынғы мемлекет басшысы Бакиев президент Александр Лукашенконың шақыртуы бойынша Беларусьте тұрып жатыр.

100-ге жуық наразылық танытушының өліміне байланысты Бакиевке қарсы қылмыстық іс қозғалып, қазір Бішкекте сот өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG