Accessibility links

Бішкекте инкассатор тоналды


Қырғызстан картасы
Қырғызстан картасы
Бүгін Бішкектің орталығында ақша алып бара жатқан инкассаторды белгісіз адамдар тонап кетті деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Рахматилло Ахмедовтың айтуынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен күндізгі сағат 12-де Фрунзе-Алматы көшелерінің қиылысында орын алған.

Қанша ақша ұрланғандығы - белгісіз. Тонаушылар іздестіріліп жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG