Accessibility links

Оппозициялық "Халық майданын" Әбділдин басқаратын болды


Серікболсын Әбділдин

Серікболсын Әбділдин

Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы жетекшісі Серікболсын Әбділдин оппозициялық "Халық майданы" қозғалысы орталық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы сәрсенбі күні аталмыш қозғалыс таратқан ақпаратқа сілтеме жасап, "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.

Маусым айында Қазақстан Коммунистік партиясы, тіркелмеген «Алға» партиясы және бірқатар қоғамдық ұйымдар «Халық майданы» деп аталатын бірлескен қозғалыс құрғандарын жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG