Accessibility links

Ислам Каримов Астанаға келмейтін болды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Aстана. 15 маусым 2011 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Aстана. 15 маусым 2011 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов 12-13 тамыз күндері Астанада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы саммитіне қатыспайды.

Бұл турасында Азаттық радиосы өзбек қызметі ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжаға сілтеме жасап хабарлады. Оның айтуынша, Каримов әуелде саммитке қатысатындығын білдіргенімен, бірнеше күн бұрын Астанаға барудан бас тартқан.

Мәліметтерге қарағанда, басқосуға өзбек президентінен басқа ұйымға мүше елдер басшылары түгелдей қатысады. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Өзбекстан мүше.
XS
SM
MD
LG