Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның 5 сарбазы опат болды


Ауғанстан картасы

Ауғанстан картасы

НАТО жетекшілік ететін халықаралық қауіпсіздік күштерінің мәліметінше, бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі бомба жарылысынан 5 шетел сарбазы мерт болған. Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Ал "Талибан" қозғалысы осы аптада АҚШ тікұшағын атып түсірген жауынгерлердің тірі екенін хабарлады. АҚШ әскерилері дүйсенбіде Уардак уәлаятында 30 американдық пен 7 ауған сарбазының өмірін қиған тікұшақ апатына жауаптылар өлтірілді деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG