Accessibility links

Обаманың жаңа жұмыс орындары туралы жоспары АҚШ сенатынан өтпей қалды


АҚШ cенатының мәжілісі.

АҚШ cенатының мәжілісі.

АҚШ президенті Барак Обаманың елде жаңа жұмыс орындарын ашу туралы жоспары сенатта тосқауылға кезікті.

Сейсенбі күні сенатта жоспарды дауысқа қойған кезде 50 сенатор қолдау білдіріп, 49 сенатор оған қарсы дауыс берген. Осылайша заң жобасы қажетті дауыс жинай алмады.

Құны 447 миллиард доллар тұратын жоспар бойынша, инфрақұрылым салуға федералдық бюджеттен қосымша қаржы жұмсау көзделген еді. Бірақ Конгрестің қос палатасындағы республикалық партия мүшелері оған түбегейлі қарсы болды.

Дауыс беру нәтижесі бойынша мәлімдемесінде президент Обама «күрестің әлі аяқталмағанын» айтып, Конгреске жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жаңа заң жобаларын ұсынбақ ниетін білдірген.
XS
SM
MD
LG