Accessibility links

Янукович Тимошенконың ісіне араласпайтынын айтты


Украина президенті Виктор Янукович

Украина президенті Виктор Янукович

Украина президенті Виктор Янукович қамауға алынған оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенконың мәселесіне өзінің араласпайтынын хабарлады. Президент кеңсесі таратқан ақпаратқа сәйкес, Янукович "соттардың жұмысына араласа алмайтынын және араласпайтынын" айтқан.

Януковичтің мәлімдемесі Чехия президенті Вацлав Клаустың хатына жауап ретінде жарияланды. Вацлав Клаус өз хатында Януковичтен Тимошенкоға қатысты соттың саяси астары жоқтығына кепілдік беруді сұраған болатын.

2010 жылы президент сайлауына Януковичтің қарсыласы ретінде түскен Тимошенко өткен аптада сотты сынаған соң қамауға алынды. 2004 жылғы "Қызғылт-сары төкерісі" жетекшілерінің бірі болған бұрынғы премьер-министр Тимошенкоға "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG