Accessibility links

Қырғызстанда ұсталған түрік журналисі Анкараға тапсырылды


Қырғызстан "лаңкестік ұйымға қатысы бар" деген күдікпен ұсталған түрік журналисін Анкараға экстрадициялады деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Бүгін бас прокуратураның баспасөз хатшысы Талант Қонақбаев журналист Әли Осман Зордың Түркияға тамыздың 3-інде тапсырылғанын мәлімдеді.

43 жастағы Әли Осман Зорды қырғыз полициясы мамырдың 2-сінде тұтқындаған болатын. Түркия ресми өкілдері оған "Таяу Шығыста халифат құруды көздейтін "Ұлы шығыс исламшыл рейдерлері майданының" мүшесі" деген айып тағып отыр.

Өткен жылы Қырғызстанға барған Зор Түркияның бұқаралық ақпарат құралында жұмыс істеп, Бішкектен саяси баспана сұраған. Журналист Түркия үкіметін құлатуға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG