Accessibility links

Қытай: Шыңжаңда жер сілкініп, 26 адам жараланды


Қытай картасы

Қытай картасы

Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында жер сілкініп, 30-дан астам ғимарат қираған, кемінде 26 адам жарақат алған.

Ұлттық жерсілкіністерді бақылау орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің күші Рихтер көрсеткіші бойынша 5.8 балға жеткен.

АҚШ геологиялық қызметі Қытайдағы жерсілкінісінің күші 5.2 балл болды дейді.
XS
SM
MD
LG