Accessibility links

Пан Ги Мун Ливияны бітімге шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ливияның бейбіт халқы арасында шығынның көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.

Бейсенбіде таратылған мәлімдемеде ол тараптарды әскери әрекет барысында "барынша сақ болуға" шақырды. Ол елдегі дағдарысты күш қолданып реттеуге болмайтындығын айтқан.

Пан Ги Мун тек бітім мен саяси үрдістің ғана бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатынын айтқан.

БҰҰ бас хатшысы наурыз айында Қауіпсіздік кеңесінің арнайы қарары бойынша НАТО-ның Ливиядағы әуе шабуылдарын белсене қолдаған еді.

Соңғы кезде Қауіпсіздік кеңесінің кейбір мүшелері НАТО-ның әрекеті қарар шеңберінен шығып кеткенін мәлімдеді. Ресей, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка Ливиядағы әскери операцияны сынады.

XS
SM
MD
LG