Accessibility links

Обама Ердоғанмен Сириядағы жағдайды талқылады


Хомс қаласындағы жаралылар. 10 тамыз 2011 жыл.
Хомс қаласындағы жаралылар. 10 тамыз 2011 жыл.

Америка президенті Барак Обама бейсенбі күні Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады. Тараптар бұл елде демократияны баянды етудің жөн болатындығын айтты.

Бұның алдына Хомс провинциясындағы әскер шабуылынан кем дегенде 12 адам қаза тапты.

Обама әкімшілігі таяуда Сирия президенті Башар әл-Асадтың қызметтен кетуін талап етуі мүмкін.

Азаматтық белсенділік танытушылардың айтуынша, елде билікке қарсы бес айлық толқу барысында екі мыңдай адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG