Accessibility links

Британияда қаза тапқандар саны беске жетті


Ливерпульдегі тәртіпсіздік. 9 тамыз 2011 жыл.
Ливерпульдегі тәртіпсіздік. 9 тамыз 2011 жыл.

Британ қалаларындағы құрбандар саны беске жетті. Бейсенбі күні кешке ауруханада дүйсенбіде Лондонның Илинг ауданындағы тәртіпсіздік кезінде басынан ауыр жараланған 68 жастағы Ричард Мэннингтон Боуз қаза тапты.

Сейсенбіде Бирмингемде өз меншігін қорғамақ болған үш адамды көлік қағып кетті. Лондонның Кройдон ауданында тағы бір оқ тиіп, қаза тапқан адамның мәйіті табылды.

Парламент алдында сөйлеген сөзінде премьер-министр Дэвид Кэмерон үкіметтің тәртіпсіздікпен күреске әскер тартуды қарастыратынын айтты. Айтуынша, толқудың саяси астары жоқ, тек бұзақылардың арандатуы болып табылады.

XS
SM
MD
LG