Accessibility links

Азат Перуашев "Атамекен" басшысы қызметінен кетеді


Азат Перуашев. Aлматы. 15 қазан 2008 жыл.

Азат Перуашев. Aлматы. 15 қазан 2008 жыл.

Жұма күні "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев бұл қызметтен кететіндігін жариялады. Ол палата президиумының мүшесі Абылай Мырзахметовты палатаның басқарма төрағасы қызметін атқарушы ретінде ұсынды.

Перуашев "Атамекен" экономикалық палатасының сайтында жарияланған мәлімдемесінде қызметтен кетуін "Ақ жол" партиясы төрағасы болып сайлануымен және қолы босамайтындығымен байланыстырған.

Перуашев өзінің партия қатарында да "ұлттық кәсіпкерлікті дамытып, іскерлік ортаны либерализациялап, мығым жекеменшік бизнеске ие дамыған мемлекетті қалыптастыру" ісіне араласатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG