Accessibility links

Тимошенко қамауда қала бермек


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко қамауда қала беретін болды. Бүгін сот Тимошенконың тұтқындалуына қатысты шағымын қарап осындай шешім шығарды.

2004 жылғы "Қызғылт-сары төңкерісі" жетекшілерінің бірі болған бұрынғы премьер-министр Тимошенкоға "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған. Ол өткен аптада сотты сынаған соң қамауға алынды.

АҚШ пен Еуропа Одағы Украина билігін Тимошенконы босатуға шақырды. Кеше Украина президенті Виктор Янукович Тимошенконың ісіне араласпайтынын хабарлады. Юлия Тимошенко 2010 жылы президент сайлауына Януковичтің қарсыласы ретінде түскен болатын.
XS
SM
MD
LG