Accessibility links

Польша Беларусь оппозициясының банк ақпаратын бергені үшін кешірім сұрады


Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски

Польша Беларусь оппозициясы белсенділерінің банктегі есеп-шоттарына қатысты ақпаратты Минскіге бергені үшін кешірім сұрады.

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски бүгін интернеттегі Twitter парақшасында бұл әрекетті "айыптауға тұратын қателік" болды деп атады. Сикорскидің айтуынша, сыртқы істер министрлігінің Беларусь өтінішін қанағаттандырмау туралы ескертуіне қарамастан бас прокуратура бірнеше оппозициялық белсендінің банктегі есеп-шоттарына қатысты ақпаратты Минскіге берген.

Беларусьтегі оппозициялық белсенділердің мәлімдеуінше, билік орындарына берілген ақпарат Алесь Беляцкийдің тұтқындалуына көмектескен болуы мүмкін.

Осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ Беларусь билігін "салық төлеуден жалтарды" деп ұсталған белгілі құқық қорғаушы Алесь Беляцкийді жедел қамаудан босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG