Accessibility links

Сирия күштері наразылық танытушыларға оқ атты


Сирия сарбаздары. Хомс, 10 тамыз 2011 жыл.

Сирия сарбаздары. Хомс, 10 тамыз 2011 жыл.

Сирия күштері бүгін наразылық танытушыларға оқ атты. Бес айдан бері бұл елде президент Башар әл-Асад режиміне қарсы шерулер жалғасып келеді.

Белсенділер мен куәгерлердің айтуынша, жұма намазынан кейін Дейр әл-Зур қаласында наразылық танытқан мыңдаған адамға сарбаздар оқ атқан. Қанша адамның қаза болғандығы әзірше белгісіз. Адам құқығын қорғаушылардың мәлімдеуінше, бүгін таңертең әскерилер Идлиб уәлаятындағы Хан Шейхон қаласында екі адамды, ал Дамаскіде бір адамды өлтірген.

Ресми Дамаск елдегі наразылық танытушыларды басып-жаншуын жалғастырып жатқанда Сирия билігіне халықаралық қысым күшейіп отыр.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің еуропалық мүшелері егер Сирия наразылық танытушыларды басып-жаншуын тоқтатпаса, Дамаскіге қарсы қатаң шара қолданылады деп ескертті.

БҰҰ бас хатшысының көмекшісі Оскар Фернандез Таранко Сирияда наурыз айында үкіметке қарсы шерулер басталғалы бері 2 мыңға жуық қарапайым адам өлтірілген деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG