Accessibility links

Түркіменстандағы жарылысқа қатысты 40 адам сотталды


Абадандағы жарылыс. 7 шілде 2011 жыл.

Абадандағы жарылыс. 7 шілде 2011 жыл.

Қуғындағы түркімен оппозициясының хабарлауынша, шілденің 7-де Абадан қаласындағы қару-жарақ қоймасында болған жарылыстарға байланысты 40 адам сотталған.

Оппозициялық "Хроника Туркменистана" вебсайтының мәліметінше, сотқа тартылған жеті адам 20-25 жылға түрме жазасына кесілсе, қалғандары 10 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Сотталғандарға нақты қандай айып тағылғандығы айтылмаған.

Түркіменстан үкіметі қару-жарақ қоймасындағы жарылысты "кездейсоқ апат" деп атап, 15 адамның қаза болғандығын хабарлады.

Түркімен құқық қорғаушыларының айтуынша, Абадандағы жарылыстардан шамамен 200 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG