Accessibility links

Ұлыбританияда қауіпсіздік шарасы күшейтілді


Лондон мэрі Борис Джонсон мен полиция өкілі Тим Годуин журналистердің алдында сөйлеп тұр. 12 шілде 2011 жыл.
Лондон мэрі Борис Джонсон мен полиция өкілі Тим Годуин журналистердің алдында сөйлеп тұр. 12 шілде 2011 жыл.
Ұлыбритания полициясы демалыс күндері болуы мүмкін тәртіпсіздік әрекеттерінің алдын алуға тырысып жатыр.

Лондон полициясы комиссарының көмекшісі Стив Каванагтың мәлімдеуінше, Ұлыбритания астанасындағы тәртіпті әдеттегі 2500 полицейдің орнына 16 мың офицер бақылап жатыр. Сонымен қатар Ноттингем, Бирмингем және Ливерпуль қалаларындағы қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Соңғы күндері елдегі жағдай тынышталды.

Полицияның мәліметінше, төрт түнге жалғасқан тәртіпсіздік және тонау әрекеттеріне қатысты екі мыңға жуық адам тұтқындалып, шамамен 700 адамға әртүрлі айыптар тағылған.

Елдегі толқуларда 5 адам қаза болды. Қазір үш адам өліміне байланысты полицияның сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Премьер-министр Дэвид Кэмерон елде соңғы 30 жылда тіркелген ең ірі бүлікке кінәлілер жазаланады деп уәде етті. Билік елдегі тәртіпсіздік әрекеттерін қылмыскерлікпен байланыстырып отыр.

Ресми өкілдердің айтуынша, толқулардың саяси астары жоқ.
XS
SM
MD
LG