Accessibility links

Дүниежүзілік банк басшысы: Ғаламдық экономикаға қауіп төніп тұр


Дүниежүзілік банк төрағасы Роберт Зеллик

Дүниежүзілік банк төрағасы Роберт Зеллик

Дүниежүзілік банк төрағасы Роберт Зеллик ғаламдық экономикаға жаңа қауіп төніп тұр деп ескертті.

Жұма күні The Weekend Australian газетіне берген сұқбатында еуро аумағындағы елдердің қарыз мәселесі Standard and Poor's агенттігінің АҚШ рейтингін төмендетуіне байланысты туындаған "орташа және ұзақ мерзімді проблемалардан да" қауіптірек деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Еуропа Одағы қарыз дағдарысын шешу үшін жеткілікті дәрежеде шара қолданбаған.

Еуропада қарызға батқан Греция, Португалия сияқты бірнеше елдің экономикалық проблемалары еуро валютасының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG