Accessibility links

Фидель Кастро 85 жасқа толды


Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастроның Гавана университетіндегі студентермен кездесуі. 3 қыркүйек 2010 жыл

Кубаның бұрынғы президенті Фидель Кастроның Гавана университетіндегі студентермен кездесуі. 3 қыркүйек 2010 жыл

Кубадағы 1959 жылғы коммунистік революцияның жетекшісі Фидель Кастро бүгін 85 жасқа толды.

Бір кездері бірнеше сағатқа созылған мәлімдемелерімен танымал болған бұрынғы президент туған күнін тойлау шарасына қатыспайды деп хабарланды. Кеше Фидель Кастроның туған күніне арналған концертке Латын Америкасындағы әншілер қатысты, бірақ оның өзі болмады.

Фидель Кастро 2006 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты билікті бауыры Рауль Кастроға тапсырғалы бері теледидардан көріне бермейді. Дегенмен көптеген бақылаушылар Фидель Кастро әлі де саясатқа ықпал етеді деп сенеді.

Кубада реформалар баяу жүзеге асады. Осы жылы парламент кубалықтардың үйлерін сатуға және сатып алуына құқық бермек.
XS
SM
MD
LG