Accessibility links

Ливия көтерілісшілері енген әз-Зауия қаласында қақтығыс болды


Ливиялықтар НАТО шабуылынан қираған үйлері маңында отыр. 4 тамыз. 2011
Ливиялықтар НАТО шабуылынан қираған үйлері маңында отыр. 4 тамыз. 2011
Хабарларға қарағанда, Ливияның батысындағы әз-Зауия қаласында қатты қақтығыс болды. Триполиден 50 шақырым жерде орналасқан қалаға енуді елдегі көтерілісшіл күштер басты насанаға алған.

Сенбі күні 200-дей көтерілісші Зауия қаласына кіргенде, орталық алаңда шатырларға бекінген Каддафи күштерінің мергендер оғына тап болған.

Ливиядағы көтеріліс ақпан айында басталып, Муаммар Каддафиге қарсы көтерілісшілер елдің біраз қалаларын басып алған. Бірақ сәуір айынан бері ондағы қақтығыстар тұралап қалды.

НАТО әскерінің режим күштерін нысанаға алған әуе соққысы бірнеше ай жүріп жатқанына қарамастан, көтерілісшілер алғы шепке шыға алмай келеді. Ливиядағы бейбіт халықтың қырылуына жол бермеу үшін БҰҰ-ның қарарымен НАТО үкімет күштеріне қарсы әскери операциясын бастаған.
XS
SM
MD
LG