Accessibility links

Пәкістан америкалықты ұрлады деген күдіктілерді тергеуге алды


Пәкістанның тайпалы аймақтар картасы.
Пәкістанның тайпалы аймақтар картасы.
Пәкістан полициясы Лахорда америкалық сарапшыны басып әкетті деген күдікпен бірнеше адамды тергеуге алып жатыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті Варрен Вайнштейн деген маманның Лахордағы үйіне сенбі күні таңертең бір топ адам басып кіріп, америкалықты ұстап әкеткен.

Лахор полициясы Ахмед Раза Тахирдің айтуынша, тергеуге алынғандар ішінде америкалықтың үйін күзеткен сақшылар да бар. Бұл шабуылға әзірге ешкім жауапкершілік алмады.

60 жастағы Вайнштейн Пәкістанның тайпалы аймағында кеңес беруші америкалық фирманың даму жобалары бойынша сарапшысы болған. Пәкістан күштері соңғы жылдары бұл аймақтағы исламшыл бүлікшілермен соғысып келеді.
XS
SM
MD
LG